Жылады аспан күз күні

Бұл бетте «Жылады аспан күз күні» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2301
Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап.
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
Көктемде күтті сар дала,
Бидайымен сағынып.
Қоршаған бұлттар айнала,
Құйғытып өтті ағылып.
Жаңбырдың бұлты келер деп,
Жаз айында күтті оны.
Төнеді бұлттар төмендеп,
Жұмыста жүрсе жұрт қолы.
Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап,
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылады аспан күз күні өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жылады аспан күз күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылады аспан күз күні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жылады аспан күз күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері