Айлакер – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айлакер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1561
Тапты Болат талайдан
«Екі» алмаудың амалын.
Айла асырып ағайдан,
Шыта қояр қабағын.
– Тұра қойшы, балақай,
Дайын ба еді сабағың?
– Айтар едім, ағатай,
Ауырады тамағым.
– Олай болса жаза ғой,
Отыр-дағы алаңсыз.
– Жазуларым таза ғой,
Бірақ, қолым жарамсыз.
– Онда, үйде шығарған
Есебіңді көрейін.
– Шығарғам ғой, шығарғам,
Ертең әкеп берейін.
Кере алмадым, досым-ай,
Өтіріктің пайдасын.
Бірақ, Болат осылай
Асырып жүр «айласын».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айлакер өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Айлакер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айлакер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айлакер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері