Абай ақынға арнау

Бұл бетте «Абай ақынға арнау» атты Балауса Шарғынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

І. Қасиетті қазақтың кең даласы,
Шұғылалы шығыста бір қаласы.
Тарихтан ойып тұрып орын алған,
Қарқаралы аталар ол қаласы.

ІІ. Ежелден көшпелі елге қоныс болған,
Құнанбайдай қажымыз болыс болған.
Ұлы керуен жолы өткен ұлы далам,
Ибраһимдей данамызға өріс болған.

ІІІ. Тарихы тереңінен тамыр тартқан,
Қойнауы жыр-дастаннан дамыл тапқан,
Қарқаралы қазағымның тәжіндейсің,
Даярлап көп жүйрікті дара баққан.

ІV. Баптаған ақын, батыр, бағландарды,
Қасиетті шығысы қазағымның.
Өзіңнен Абайдайын дарын шыққан,
Күллі әлемге танытқан қазағымды.

V. Абай жырын жасымнан оқып келем,
Қара сөзін көңіліме тоқып келем.
Бес дұшпаным бес жақтан алмасын деп,
Жыр жауһарын дариядан шоқып келем.

VІ. Шығыстың ойшылдарын дана тұтқан,
Жастайынан өнер, білімді пана тұтқан,
Орыстың зер дестелі өлеңдерін,
Аударған Абайды елім аға тұтқан.

VІІ. Қазақтың көңіліне жақын болған,
Әділетті ел билеген хакім болған,
Абайдай батыл ақын туыларма?!
Қарапайым халқына жақын болған.

VІІІ. Жырлаған өнер, білім, адалдықты,
Жат санап, надандық пен арамдықты.
Жиырмасында Мөңкедейін шешен болған,
Билік айтқан жұртына ұлағатты.

ХІХ. Сатирамен сынаған қазақ ісін,
Имандылық жолына салған күшін.
Пәлсапалық шығармалары мығым күші,
Сөнбейтін сәуле шашқан қазақ үшін.

Х. Артына ізгі-нұрлы сөз қалдырған,
Інжу-маржан, жақұт боп із шалдырған,
Қазақтың қайта тумас ақыны Абай,
Мәңгілік мұра болар жыр қалдырған.

ХІІ. Жыл салып мерейтойың ақын ата,
Қалықтап жыр көгінде әнің ата,
Сізге құрмет танытқан ұрпағыңыз
Жырыңызды сайратып жатыр ата.

ХІІІ. Ләйлім-Шырақ бастаған эстафета
Патшамыздан қолдау тауып өтті ата
Әлемнің жұртшылығын тамсандырып,
Шетелге де шарықтап кетті ата.


Пікірлер (3)

Bal01

Өлең жыр байқауына қатысуға ниет білдіремін

Модератор

Авторы өзім деп белгілеу керек. bilim2019 ілмегін қосылғанда сайысқа авторматты түрде қатысады. Ілмектер қысқа болу керек. Үтір арқылы қойылады. Мысалы: bilim2019, Абай, Абай Құнанбайұлына 175, абай ақынға арнау, ...
"Қаламды" басып өңдеуге болады. Ілмектер қысқа болу керек.

Bal01

Рахмет сіздерге!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай ақынға арнау өлеңінің авторы кім?

Балауса Шарғынова — осы өлеңнің авторы.

Абай ақынға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай ақынға арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Балауса Шарғынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай ақынға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер