Тобылғы

Бұл бетте «Тобылғы» атты Бауыржан Жақып жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саясында көде өскен,
Сайға біткен тобылғы.
Желге билеп белестен,
Ойға біткен тобылғы.

Ауылымның көп қырын
Бұтаң басқан тобылғы.
Хош иісті ақ гүлің
Жұпар шашқан тобылғы.

Күлім қағып ақ әжем
Күбі ыстаған тобылғы.
Таңғы самал ауамен
Тыныстаған тобылғы.

Мөлдір моншақ таң шығын
Тағып алған тобылғы.
Бабам өрген қамшының
Сабы болған тобылғы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тобылғы өлеңінің авторы кім?

Бауыржан Жақып — осы өлеңнің авторы.

Тобылғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тобылғы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бауыржан Жақып өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тобылғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері