Кім екенімді білдім

Бұл бетте «Кім екенімді білдім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 787
Құшағым –
Тауды құшақтайтындай –
Кең едi.
Көңiлiм –
Шалқып жатқан
Көл едi.
Өлдiм.
Сөзiм –
Жартасты жарып жiберетiн.
Көзiм –
Тiк қарасам! –
Кiмдi болсын
Жағып жiберетiн.
Сөндiм.
Қазiр кiммiн?
Кiм екенiмдi бiлдiм! –
Үмiтiмдi күте-күте
Мойным
Қайырылып қалды;
Қазанға түсетiн бастай
Жағым
Айырылып қалды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім екенімді білдім өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кім екенімді білдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім екенімді білдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім екенімді білдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері