Қазақстаным менің

Бұл бетте «Қазақстаным менің» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1501
Жер шарының қартасында –
Еуропа мен Азия ортасында
Алтын астаудай боп
Орын алып тұрған;
Дүниенiң
Керуен сарайындай боп
Батыс пен шығыстың да,
Терiскей, түстiктiң де
Жолын бағып тұрған
Қазақстаным менiң!
Күнiнiң астында
Құт пен береке үйiлiп,
Айының астында
Перiштелер
Жолығып жататын;
Көлдерiне
Алтын кебiстi қаздар қонып,
Иiр мойынды, күмiс қанатты
Қасиеттi аққулар
Шомылып жататын
Қазақстаным менiң!
Далада жатқан
Әр тасының тарихы
Томға жететiн;
Бiр шетi мен бiр шетiне
Дауыл қуалаған бұлттар –
Апталап! –
Зорға жететiн
Қазақстаным менiң!
Зауыттарының тұрбалары
Найзағайға шырпы жақтырып
Темекi шегiп жатқан;
Төсiне –
Шудалары бұлттардай
Алп-алп басқан
Қара нарлар шөгiп жатқан
Қазақстаным менiң!
Дүниедегi қазақтарды
Керуен-керуен етiп
Көшiрiп жатқан;
Қажымұқанды ата қып
Болашақ
Әбдiсалан Нұрмаханов пен
Әбiлсейiт Айхановтарды,
Октябрь Жарылғапов пен
Әмин Тұяқовтарды
Өсiрiп жатқан
Қазақстаным менiң!
Келешегiнiң шамдары
Самаладай боп
Жанып тұрған;
Үстiне
Қуырылған жүгерiдей боп
Баданадай-баданадай
Жұлдыздар жауып тұрған
Қазақстаным менiң!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстаным менің өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қазақстаным менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақстаным менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақстаным менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері