Адамзаттың өнері – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Адамзаттың өнері» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2186
Өтеді уақыт.
Тағдырдың болмақ жазғаны,
Қағида заң ғой адамнан уақыт озбағы.
Уақыттың жалын қаламыз сипап бәріміз,
Уақыт па?
Уақыт – алтынның буы, көз жауы.
Алтынның буы.
Буымен алғаш мас қылар,
Айналтып біраз апиын болып басқа ұрар.
Айналымға да келтірмей сосын ләззаты,
Алтынның түсі айбатыменен састырар.
Алтынның буы – уақыттың нағыз теңеуі,
Шебер ғой өмір, шебердің біздер шебері.
Алтынның буын заманға зерлеп өтетін
О, адамзаттың тіршілік деген өнері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамзаттың өнері өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Адамзаттың өнері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамзаттың өнері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамзаттың өнері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері