Жүрегiңмен

Бұл бетте «Жүрегiңмен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 561
Жүрегiңмен,
санаңмен ұғынысқан,
қанат берiп шаттыққа,
мұңын ұштар
сөз дегенiң құпия жаратылыс,
сөз дегенiң құпия құбылыстар.
Қоңырау болып қағылып құлағыңда
түсiп бiр сәт кететiн мың ағынға
тұман,
сәуле,
күн нұры,
толқын үнi
көз жасы бар сөздердiң құрамында.
Құрамында сөздердiң бәрi де бар,
аққу менен қаздардың әнi де бар,
уiлдеген даламның желi де бар,
жараланған жүректiң шерi де бар.
Бәрi де бар,
бәрi де,
бәрi-бәрi,
жылап бiрде күледi, сағынады,
табысады қауышып,
сабылады.
Одан бәрi-бәрi де табылады.
Қуаты бар орныңнан жұлып алар,
семсерi бар жарқылдап құбыла алар.
Жел бiтiрiп жiберер буы да бар,
шағатұғын жүректен уы да бар.
Тiршiлiктiң арманын, тiлегiн де,
үндерi мен бояуын, реңiн де
соның бәрiн сөз етiп сомдап соғып
адам өзi қорытқан жүрегiнде.
Жүрегiңмен,
санаңмен ұғынысқан,
қанат берiп шаттыққа, мұңын ұштар
сөз дегенiң құпия жаратылыс,
сөз дегенiң құпия құбылыстар.
Сөздерден сен қаншама жыладың да!
Сөздерден сен қаншама құладың да!
Сөзбен айтып жеткiзе алмайтұғын
құдiрет бар сөздердiң құрамында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегiңмен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жүрегiңмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегiңмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегiңмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері