Әсел

Бұл бетте «Әсел» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3854
Самалы жұпар жазғы бір кеште
Ойласам болды Ыстықкөл жақты
Айтылған сырлар түседі еске
Оятқан сонда ақ махаббатты

Қайырмасы:
Тулайды жүрек
Толқындай шалқып
Аңсайды жүрек
Өзіңе тартып
Сағынтқан әнім
Әселім, жаным
Сағынтқан әнім
Әселім, жаным

Тағдырмен қатал ойнатқан сонда
Қайдасың менің армансыз күнім
Бақ құсы едің, қонбадың қолға
Қапыда қалдым зар толып үнім

Қайырмасы.

Алыссың, жатсың білемін сәулем
Тағдырға нала не керек айтып
Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен
Әселім, сірә, келер ме қайтып


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әсел өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әсел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әсел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әсел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері