Сөйле, қалқам-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Сөйле, қалқам-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қасың сұлу қағаздың қаламындай,
Туылғансың, жаным-ау, қалай мүндай, қалқам-ай.
Әкең сұңқар болғанда, шешең — пері,
Бір кісіден тумайды бала мұндай, сөйле, қалқам-ай.

Тауға шықсам сайрайды тау кекілік,
Қар жауғанда қалады жол бекіліп, сөйле, қалқам-ай.
Тісің науат болғанда, тілің — шекер,
Қабағыңнан тұрады нұр төгіліп, сөйле, қалқам-ай.

Жирен тай ма, ақ тай ма, қызыл тай ма,
Айдап салсам жатады терең сайда, сөйле, қалқам-ай.
Айтар болсаң сөзіңді бүгін айтшы,
Бүгіннен соң бір ауыз сөзің қайда, сөйле, қалқам-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөйле, қалқам-ай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Сөйле, қалқам-ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөйле, қалқам-ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөйле, қалқам-ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері