Қадалып сасық тұмау – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қадалып сасық тұмау» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2433
Қадалып сасық тұмау,
Қуатым қашып тұр-ау.
Бұралған бәйшешекті
Көктемге асықтым-ау.
Тер буып жөтелемін,
Таппадым төтен емін.
Төсектен ауық-ауық
Басымды көтеремін.
Жоқ ешбір зауық деген,
Құлаймын ауып денем.
Тек қана жалғыздықтан
Жалығам, қауіптенем.
Саулықта не жетпейді?
Ешнәрсе елетпейді.
Сәл ғана сырқау болсаң,
Дүние бөлектейді.
Шықса бір шуақты күн,
Шалқымай шыдапты кім?
Көппенен күліп-ойнап,
Кететін сияқтымын.
Қадалып сасық тұмау,
Еңсемді басып тұр-ау.
Көңілді көтеретін
Көктемге асықтым-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қадалып сасық тұмау өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қадалып сасық тұмау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қадалып сасық тұмау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қадалып сасық тұмау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері