Мен саған сыр айтамын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен саған сыр айтамын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2016
  • 0
  • 1
  • 16901
Мен саған сыр айтамын:
біреулердің қайтеміз құр айтағын,
сезе тұрып қайғысын соңындағы;
білеміз ғой - қателік со жылдағы,
өкпе, наз бен жел-өсек - соның бәрі
сені менен мені тек мұңайтарын,
жел ескендей желпісіп жұрт етегін,
біздерді күлкі етерін;
сайқал-мысқыл ойнақтап жүздерінде,
жанашырсып жат жандар бізге мүлде;
мүләйімсіп түртетін бос қораны
аула-жайдың қорсылдақ шошқалары,
бұл күнде төс қағады
көктемде аузы тигендей күзгі егінге.
Мен ұққаным - осының бар «шатағы» -
тек бізді шаршатады:
екеуіміз де соншалық тырыссақ та
тіпті сәлемдеспеуге дұрыстап та;
ұмтылсақ та өзгемен ұғыспаққа -
содан біздің қайғымыз қанша тағы!
Мұның бәрі - бізді бір-бірімізге
одан сайын еріксіз аңсатады.


Пікірлер (1)

Zhanar

Тамаша

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен саған сыр айтамын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мен саған сыр айтамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен саған сыр айтамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен саған сыр айтамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері