Өлең, жыр, ақындар

Шахмат

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3050
Інім көп ойнайды
Менімен шахмат.
Жеңем деп қоймайды,
Ойлайды жатып ап.
Кейде «аты» тұралап,
Қоршауда қалады.
Ондайда, сірә да,
Інім мат алады.
Кіжініп сонда аса,
Дейді ол батыл-ақ:
– Жеңер ем,
Болмаса
«Аттарым» ақымақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хайуанаттар көрмесі

  • 0
  • 0

О, жасаған, жасаған!
Бәрі тордан босаған –
Аң дегенің босып жүр,
Бірін-бірі тосып жүр.

Толық

Темір күйеу

  • 0
  • 0

Төсекте керіліп жатып,
Тұруға ерініп жатып,
Ерінен ұялмады,
Келіншек қиялдады:

Толық

Неге өзімді-өзім алдаймын?

  • 0
  • 0

Неге өзімді-өзім алдаймын?
Өзіңсіз өмір сүре алмаймын.
Өзіңмен ғана бардаймын,
Өзіңмен дара, дардаймын.

Толық