Ағайынға жағынба – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ағайынға жағынба» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2564
Ағайынға жағынба,
Жалбарынып, жалынба.
Бағаң сенің бес тиын,
Отырмасаң тағыңда.
Егер тағың болмаса,
Тайраңдама онда аса.
Ағайынға айтқан сөз –
Желмен ұшқан далбаса.
Жалғызбын деп мойыма,
Еш нәрсе алма ойыңа.
Өліміңе жиналар,
Келмесе де тойыңа.
Бұл өмірге тоқ пейлі
Болсын жандар көп мейлі.
О дүниеге мүлкінің
Бірін де алып кетпейді.
Күміс пенен алтынның
Біліп жатыр парқын кім?
Ай мен күндей жарқырап,
Аты қалар ақынның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағайынға жағынба өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ағайынға жағынба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағайынға жағынба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағайынға жағынба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері