Асығамын өзіңе – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Асығамын өзіңе» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2024
Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Кейде алыстап кеткенімде,
Сағынасың, сәулешім.
Тағат таппай текке мүлде,
Қамығасың, сәулешім.

Қайырмасы:
Жеткенімше асығамын,
Құшағыңа оралып.
Аяулы жыр, асыл әнім –
Бір өзіңсің, ол анық. /2 рет/

Кей құрбымен әзілдессем,
Мұңаймашы, сәулешім.
Гүлім сенсің нәзік өскен –
Сыр айнасы, сәулешім.

Қайырмасы.

Күлімдеген күндерімде –
Күй өрісім, сәулешім.
Жабырқап бір жүргенімде –
Сүйенішім, сәулешім.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асығамын өзіңе өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Асығамын өзіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асығамын өзіңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асығамын өзіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері