Шалшықта қалған шабақтар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шалшықта қалған шабақтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1361
Кішкентай ғана көл бар еді,
Айнала қонған ел бар еді.
Көл бір күні тасынды,
Тасынды да басынды:
«Жақын жерді баурап алсам,
Алыс жерді жаулап алсам,
Асқар ала тауға барсам,
Адамдарын бағындырсам,
Табанға сап табындырсам,
Үндері өшіп, құл болмай ма?
Күндері өшіп, түн болмай ма?
Сонда бәрі пенде болады,
Бар байлығы менде қалады», –
Деген зұлым ойға кетіп,
Ойы мықтап бойға бекіп,
Орал таудан ойнап өтіп,
Суын түгел жайып жіберді,
Сансыз кеме, қайық жіберді...
Саздау жерді ойып жіберді,
Аздау елді жойып жіберді....
Содан көлшік теңіз болды,
Балықтары семіз болды.
Мұнысымен қоймады,
Мұхит болуды ойлады.
Табиғат заңы алайда,
Астамшылыққа қарай ма?
Қандай кереметтің де
Шегі болады қалайда.
Теңіз тартыла бастады,
Шырылдап шарқ ұра бастады.
Артында шалшықты алаптар қалды,
Шалшықтарда шабақтар қалды.
«Шалшықтар кепсе, не оңады?
Шабақтардың күні не болады?»
Теңіз осыны ойлап алқынып барады,
Күн өткен сайын тартылып барады.
* * *
Не болушы еді, тарихтың заңы –
«Көн қатса, қалпына барады».
Түбінде тарыққан халықтың зары
Зорлықшыларды алқымнан алады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шалшықта қалған шабақтар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шалшықта қалған шабақтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шалшықта қалған шабақтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шалшықта қалған шабақтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері