Менің философиям

Бұл бетте «Менің философиям» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1138
Үндемей, төмен үңілсем,
Kөзiмдi жұмсам, ашсам да,
Таппайсың, көңіл,
тыным сен,
Сен жайлы толғау жазсам ба...
Қызықсың көңілім кейде сен,
Қол жетер биік емессің, —
Шалқуың даяр күй десем,
Арманнан арғы елессің.
Дәмем бар алыс қиялдан,
Болса да биік ол аса, —
Күтіп тұр ғажап күй алдан,
Жетерге бойым аласа.
Ұқтың ба, достым, ойымды?..
Мақтанып болғам жоқ әлі
Сыйлаймын шағын бойымды
Ұмтылу үшін жоғары.
Сағат пен жылды сүйіп тең,
Берілем арман, елеске! —
Аласа терек — биіктен
Алысқа маяк емес пе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің философиям өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Менің философиям өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің философиям өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің философиям өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері