Шұғбанға

Бұл бетте «Шұғбанға» атты Әріп Тәңірбергенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3275
Шұғбан, мұнша неге жаттың жайға,
Сабақты сатқаның ба ет пен шайға?
Зинаһар жаным, кешікпей тез қайта көр,
Кейінгі оздырарсың келген тайға.
Ғылым білсең, ашылар кеуде, көзің,
Кешіктірген елеме күйсіз сөзін.
Мен айттым да құтылдым қарызымнан,
Әттеген-ай деп жүрме бірақ өзің.
«Күннен де,- деген сөз бар,- ғылым жарық»,
Жас күнде қалған жақсы білім алып.
Ұлғайған соң түспей қап уысыңа,
Өкініп жүрме, балам, қапы қалып.
Талаптан, жас күнінде ғылым ізде,
Елірме, еріншектік тілге нанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шұғбанға өлеңінің авторы кім?

Әріп Тәңірбергенов — осы өлеңнің авторы.

Шұғбанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шұғбанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әріп Тәңірбергенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шұғбанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері