Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға

Бұл бетте «Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға» атты Әріп Тәңірбергенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3268
Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға,
Ақ қағаз тәштит етпе хат жазарға.
Адамның оңашада бәрі білгіш,
Түскен соң мағлұм болар сөз базарға.
Көрмедім шын еркекті жол таныған,
Жаһил көп тілін тіске құр жаныған.
Қандай нәрсе екеннен хабары жоқ,
Не пысық суәл қылсаң иманыңнан.
Сұйық па, иман қандай, я кесек пе,
Не түрлі: мал ма, пұл ма, жанға есеп пе?
Иман деп не нәрсені айтпақ керек,
Жеуге тамақ, мінерге ат па, есек пе?
Ей, ғапыл, иман демек шынға нанбақ,
Шындықты нысап тұтып, көңілге алмақ.
Жүректі адалдыққа анық байлап,
Тартынып арамдықтан, таза қалмақ.
Ақ сүйіп, адалдықты анық білмек,
Тілмен айтып, көңілмен тұтып жүрмек.
Арамдықты шығарған жүрегіңнен
Жолына адалдықтың басты бермек.
Мырза.Мамай - Тәуірбек сіңіп кеткен ру аты.
Бас бермек адалдыққа, мойын бұрмай,
Серуендеп, өсек тасып, сейіл құрмай,
Дәмді босқа өткізбей ғапылатпен,
Әділдік тапқан жақсы қарап тұрмай.
Осындай шын ниетпен қылсаң пікір,
Жүрекке тұтпақ керек шындық пікір.
Жолынан әділдіктің айнымасаң,
Иман деп соны айтады сансыз шүкір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға өлеңінің авторы кім?

Әріп Тәңірбергенов — осы өлеңнің авторы.

Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әріп Тәңірбергенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғұзыр қып қалыбынды тұт назарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері