Ауылыма талай барам

Бұл бетте «Ауылыма талай барам» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тек жүрсем…
ауылыма талай барам,
Онда бір жаутаңкөз бар қарайлаған.
Жан болса шабытына шоқ түсірер,
Жасына,
Жан-жағына қарай ма адам?!
Алда әлі ауылыма талай барам,
Бір үйдің іргесіне жанай барам.
Туған соң ақын болып, сезімі-жыр,
Махаббатсыз, ән-күйсіз қалай барам?!
Қуанышқа, Кежеуге,
Абай барам,
Құрбыларды Ай-Күнге балай барам.
Олқы тұсын ұмытып достарымның,
Жақсылығын айғайлап, санай барам.
Ауылым – ақ бесігім,
талай барам,
Ауылда талай ұстаз, талай данам.
Түсе қалып атымнан сәлем берем,
Аға-жеңге, ініге мал айдаған.
Мен әлі ауылыма талай барам,
Сол ауылдан тарайды арай маған.
Ақын көңіл алдаса өзі білсін,
Бар секілді бір сұлу қарайлаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылыма талай барам өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Ауылыма талай барам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылыма талай барам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Жетпісқалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылыма талай барам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері