Қаройдағы ой – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Қаройдағы ой» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түнереді Қаройдың қанды аспаны,
Ой үзілді, ұштасып, жалғаспады.
Сатқындардың, қинайды, төрге өтіп-ап,
Қапылыста жағаға жармасқаны!

Нағашы ма, жиен бе, қандас бәрі,
Өзгерді ме пиғылы, жолдас па әлі?
Ақшасы үшін сұлтанның, айдап салған,
Қалай қиып өлтірді нарқасқаны?!

Ақылдасып, келісіп, қамдасқаны –
Батыр басы… шауып-ап, ал қашқаны!
Басын алар батырдың батыл болса,
Майдан салып, неге ашық жандаспады?

Ақша тескен көкейін әумесерлер,
Аллаға емес, патша мен ханға сенген.
Балталарын сілтеді-ау, хас батырға,
Қаруларын ел қорып, жауға сермер.

Көп ой ұлып, миымда қанқақсайды,
Қисын тауып қайғыдан, жалғаспайды.
«Мен тірімін!» дегендей аспанда тек,
Жарқылдайды Махаңның алдаспаны!

Елес емес, көремін мұны шындай,
Құламайды Махамбет ұлы шыңдай.
Найзағайлар жаниды жігерімді,
Махамбеттің қайралған қылышындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаройдағы ой өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Қаройдағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаройдағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Жетпісқалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаройдағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері