Үштаған

Бұл бетте «Үштаған» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1717
Ошақта үш бұт құлатпай қазан ұстаған,
Үш найза шаншып шатыр да құрған үш бабам,
Үлгінің бірі ескіден қалған үштаған!
***
Үштаған жырдың үйрегі бейуақ ұшпаған,
Бүйірін түрткен ұшқырын ойдың қыспаған,
Күркеден бастап, пирамидаға да ұқсаған!
***
Көз майын таусып үштаған сызған күшті адам,
Жаңалық ашып, жалпыға жолды нұсқаған,
Ойланып көрсең, шынында ғажап үштаған!
***
Үштаған жырмен мен де бір қызық бастадым,
Сызды екен алғаш үштаған бейне тасқа кім?
Ұшында жұмбақ түйіскен мәңгі қас – қағым?!
***
Адамзат кейде секілді үлкен жанды ауыз,
Жан-жағын жайпап, опырып жұтқан жалмауыз,
Жемейтін ауыз болса да, демейтін сірә бар ма
ауыз?!
***
Ей, жолаушы, қайда асықтың, нені іздеп ?
Өткендердің айтқаны бар негіздеп,
Сабырмен кеш, өмір түпсіз теңіз деп!
***
Тобыр бөлек, шоқ жұлдыз, шоғыр бөлек,
Жолы да ерек, ұғынсаң жөні бөлек,
Қилы-қилы сыр шертер өмір дерек.
***
Өтеді-ау деп күн артынан күн жылжып,
Өзіңді өзің мүжи берме, тым жүнжіп,
Ешкімге өмір берілмеген мың жылдық!
***
Ауыз деген бір жалмауыз,
Ашынғанда не демейді,
Ашыққанда не жемейді?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үштаған өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Үштаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үштаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үштаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері