Кенгуру – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Кенгуру» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1103
Капитан Кук
Жиһан кезген жасынан,
Жерге келді,
Желек киген жасылдан...
Қалтасына
Салып алған баласын,
Бір қосаяқ
Қарғып өтті қасынан.
Туземдіктен,
Сырға жапқан құлағын,
Капитан Кук
Мұның атын сұрады,
Кенгуру деп,
Кеңірдегін бір сипап,
Абориген
Аң-таң болып тұрады.
Қосаяққа ат қойылды,
Кенгуру,
Көрді халық,
Көңіл қойды,
Көнді ру,
Кенгуруың
Түсінбедім деген сөз,
Кетті солай,
Енді қайда оң бұру!
Неше түрлі
Жан-жануар жаралған,
Дүниені
Еркін жайлап таралған,
Арасында
Бір керемет кенгуру,
Австралия
Символы боп саналған!
Оңай болмас,
Ақыл-ойға қондыру,
Табиғатты мүмкін емес,
Жасандыға жеңдіру,
Қалтасына толтырып ап,
Баласын,
Кең аралдан
Кең әлемге
Қарғып өтті кенгуру!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кенгуру өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Кенгуру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кенгуру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кенгуру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері