Қаройдың қара жусаны – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Қаройдың қара жусаны» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қаройдың қара жусаны,
Қайғыдан қажып түнерген.
Махамбет қаны тамған жер,
Өзіңнен жастай сыр емгем.

Көлбеңдей өтіп көк сағым,
Дүбірдің көкте тұр шаңы.
Томсара қапты алыста,
Қымтанған мұңды құм шағыл!

Алау да жүзін нұр шалып,
Арша да мойнын қылша қып.
Елестеп өтті-ау, батырдың,
Қапыда кеткен бір шағы!

Тербеген желге мұң шағып,
Төбесін талмай күн шағып.
Қайғыдан қажып теңселді,
Қаройдың қара жусаны!

Арман да арман арман бел,
Әлекті тағдыр салған жер.
Махамбет ақын өкініп,
Қапыда, шіркін, қалған жер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаройдың қара жусаны өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Қаройдың қара жусаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаройдың қара жусаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Жетпісқалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаройдың қара жусаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері