Кеудемде жыр қайнағанда – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Кеудемде жыр қайнағанда» атты Серік Жетпісқалиев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Аппақ асыл сезімдерім,
Бір сәт мызғып, көз ілмеді.
Ақ қағазға түсті жырым,
Мейірімдей көзімдегі.
Толқын ойым тербеп мені,
Сәбидейін жөргектегі.
Сұлулықтың сырын саз ғып,
Адамдықты келбеттеді.
Кеңістіктің жылы демі,
Мәңгі көктем нұры ма еді?
Ақ қар жапқан ақшаңқан тау,
Арманымның шыңы ма еді?
Жаман пиғыл ұғымы жоқ,
Көңілім шат, сынығы жоқ.
Аспан ашық көрінеді,
Көк айдынның тұнығы боп.
Сандуғаштар сайрағандай,
Ән қалқиды айналамда.
Жұмақ орнап, толғанамын,
Кеудемде жыр қайнағанда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеудемде жыр қайнағанда өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Кеудемде жыр қайнағанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеудемде жыр қайнағанда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кеудемде жыр қайнағанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар