Бес таған

Бұл бетте «Бес таған» атты Баянғали Әлімжанов жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1061
Бес таған жыр
Қазына, қазы, қарта, қақтаған сүр,
Сияқты, сөз ырғағын сақтаған дүр,
Жөн болмас, жанға қонбас қақсаған құр,
Жорғағынан жаңылып ақсаған жыр...
Бастайын бесті қымыз – бес таған жыр!

Жан мен жалған
Жармасып жүйрік уақыт жалына біз,
Жалған деп, жанталастан жалығамыз,
Жан қызығар түк жоқ деп жабығамыз,
Жан алқымға келгенде, неге бірақ,
Жанымды сақтай көр деп жалынамыз?!

Өмір кілті
Өтеді өмір, қайғырсаң да, күйсең де,
Тоқтамайды, қуансаң да, күлсең де,
Тұлпарға да, тұғырға да мінсең де,
Алда, артта, тіпті, жаяу жүрсең де...
Сырын ұғар кілт те сенде, күй сенде!

Өзің сүйкенбе
Өмірді сен қаншалықты сүйсең де,
Сұлулыққа сүйініп бас исең де,
Өлім қуып жетпей қоймас түбінде,
Ол жеткенше мағналы өмір сүр сен де...
Уайым қуып, өзің барып сүйкенбе!

Қара квадрат
Малевич сызған атақты қара квадрат,
Қап-қара бояу, тесіліп нені ұғады «брат»?
Қатырып басты, керегі қанша жаныңды қинап,
Түк те жоқ онда, шықпайды шауып құла бір ат...
Жақын ғой бізге табиғи бояу, құба қырат!

Адамзатқа ауыр сұрақ алғашқы,
Бұрынғыда, бүгінде де ең басты,
Құдай бар ма? Жан мәңгі ме? Жоқ па? –деп,
Ақырында талай дана алжасты...
Бір құдайға кәміл сенсең – сол жақсы!

Қайырлы болу қиын ба, досым, шынында?
Ерінесің бе, жоқтауға жоғын әркімнің?
Жарайды, онда, жасама жанға жамандық,
Жаман сөз айтпа...
Сонда, бәлкім, шуақты болар әр күнің!

Ну,что же, друг мой, трудно быть добрым?
Делать что-то для кого-то лень?
Так не делай, не говори...
Ничего плохого,
И будет светлым каждый твой день!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бес таған өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Бес таған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бес таған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бес таған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері