Үкі мен есек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Үкі мен есек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1463
Соқыр Есек ну орманда адасты
(Ұзақ жолға бет алған-ау ол әсті).
Түнде ұрынып ну жынысқа есалаң,
Қозғала алмай тұрып қалды, не шара?
Көзі бар да шыға алмас-ау еш одан;
Кезікті Үкі бақытына қарасты.
Бейшараны алу үшін құтқарып,
Жол бастады. Әрине, Үкі қырағы:
Ой-шұқырды, төбешікті, жыраны
Бәрін көріп күндізгідей тіпті анық,
Сол Есекті тура жолға шықты алып.
Қалай қимақ мұндай досты өтімді?
Үкіге Есек бірге бол деп өтінді,
Сол Үкімен кезбек болды әлемді.
Үкі ырза болды да,
Есекеңе қонды да,
Жолға шықты; не болды ақыры ал енді?
Күннің көзі шыққан кезде нұр шашып,
Үкінің көзін кетті қара түн басып.
Сонда-дағы Үкі бұл
Оңды-солды айта берді үкімін:
«Тоқта! – деді, – Шалшық шығар оңыңда», –
Шалшық емес, балшық тұрды жолында.
«Тағы солға, енді біраз солға жүр!»
Құлады ақыры екеуі де орға бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үкі мен есек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Үкі мен есек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үкі мен есек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үкі мен есек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері