Он екі жылдық туралы ода – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Он екі жылдық туралы ода» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1223
Бұл қазақтар зейінді
Аудармаған оқуға.
Қыздар, бірақ, бейімді
Алаша, кілем тоқуға.
Ұлдары ше, ұлдары,
Жастайынан жан бағып,
Жайлауына қырдағы
Кететұғын мал бағып.
Сөйтіп жүрген қазақтың
Қараңғылығы басылып,
Келіп жеткен «азат күн»,
Мектептері ашылып.
Бойкүйездік билеген
Қазақтарға алайда,
Сөмкелерін сүйреген
Он жыл оқу оңай ма?
«Он бесте отау иесі»
Деген мәтел бар еді.
Қыздарға болды тиесі
Сол мәтелдің әлегі.
Көбісі көнбей сүйеуге,
Куәлікті күтпей-ақ,
Қашып жатты күйеуге,
Онжылдықты бітпей-ақ.
«Тоқал ешкі Құдайдан
Сұраймын деп мүйізді,
Айрылыпты былай да,
Құлағынан тиісті».
Дегендейін, мектептер
Он бір жылға көшкенде,
Қыздар түгіл еркектер
Тана жаздаған естен де.
Жігіттерге мұрт шығып,
Қыздардың төсі өскенде,
Не пәле деп жұртшылық,
Қолдамаған еш пенде.
Жаңа ғасыр орныға,
Жасап отыр жаңа заң.
Он бір жылдың орнына
Он екі жылды қалаған.
Япырмай-ау, ол кезде
Жиырмаға жас жетеді.
Мектептегі ұл-қыздар
Қосылмағанда не етеді?
Олай десе өкімет,
Ішінен-ақ мектептің
Беретұғын декрет
Қуанышты жетпек күн.
Барлық жағдай қаперге
Алынуы керек қой.
Перзентхана, пәтер де
Салынуы керек қой.
Дертхана да емхана
Болса мектеп ішінде,
Бағдарлама тез ғана
Кірер еді күшіне.
Жиырма миллионға халықтың
Толар еді саны да.
Президентті анық бұл
Қолдауымыздың қамы да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он екі жылдық туралы ода өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Он екі жылдық туралы ода өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он екі жылдық туралы ода өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он екі жылдық туралы ода өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері