Сәуегей – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сәуегей» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1695
Бір шіркеуде ағаш «Құдай» сақталды;
Болжады ол алыс пенен жақынды,
Кеңес беріп ақылды,
Алтынменен апталды,
Күміспенен күптелді,
Бойын да әсем күткен-ді.
Естіп мадақ қолпаштаған сөз түрлі,
Басы айналып, көз тұнды.
Не айтса да, оған шындап сенді жұрт;
Кенет «Құдай» көпіріп,
Айтты кілең өтірік.
Сәуегейдің бар жауабы болды қырт.
Сұрағанмен не жайында одан кім,
Дұрыс жауап бере алмады оған шын.
Көріпкелдік күші қайда кеткен деп,
Таңданды ел бұл ісіне көптен-көп.
Істің мәні басқа еді,
Сол сәуегей қуыс кеуде қасқа еді:
Ішінде абыз отыратын бақылап,
Аңдасып.
Сол орынға келіп еді бір ақымақ алмасып,
Сөйлей алмай дәл басып,
Сәуегей де бола қалды ақымақ.
* * *
Осындай бір әңгімені татымды
Соттар жайлы естіп ек:
Жүрген екен өздері де есті боп,
Бар кезінде хатшылары ақылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәуегей өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сәуегей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәуегей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәуегей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері