Жеңіс жалауы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жеңіс жалауы» атты Абдрахман Асылбек жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 5
  • 24534
Жеңіс тіпті оңайлықпен жеткен жоқ,
Дұшпан бізге аяушылық еткен жоқ.
Соғыс бітіп, талай жылдар өтсе де,
Қияметі бастан әлі кеткен жоқ.
Жауқазындар желектерін жайғанда,
Жайраң қағып шығушы едік сайранға.
Сойқан соғыс басталды да кенеттен,
Кете бардық аттанып қан майданға.
Отан үшін арпалыстық, алыстық,
Қас дұшпанмен қасарыстық, қарыстық.
Жанымызды, тәнімізді табыстап,
Қара жерге ағып жатты қан ыстық.
Қаншалықты қарысқанмен қайрат қып,
Жерге тығып, жауыздарды жайраттық.
Қанға бөгіп қан майданда қалсақ та,
Гүл өңірді, нұр өмірді жайнаттық.
Желбіретіп жеңіс деген жалауды,
Тарихтағы толтырдық бір тарауды.
Ұрпағымыз өтер мәңгі ардақтап,
Жеңімпаздар қалдық кәзір санаулы.


Пікірлер (5)

Аңсар

Өте керемет

Темірхан

Щорт

Темірхан

Жақсы ????

Жеңіс жалауы

Жеңіс жалауы

Арзыгүл

Өте кермет ән екен жалау күніне жаттауға тіптен жақсы екен????????????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңіс жалауы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жеңіс жалауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңіс жалауы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жеңіс жалауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері