L' (Жылуда жоқ) – Айжан Табаракқызы

Бұл бетте «L' (Жылуда жоқ)» атты Айжан Табаракқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жылуда жоқ,
наз да жоқ,
кінә да жоқ,
жаныма батар кейде жанарыңыз.
Өзгертейін мазмұнын өмірімнің,
сол болса қалауыңыз.
Тар жолында тағдырдың қателескен,
Енді жолдас бола ма, маған бұл Ой.
Баянсыз тіршіліктен бақыт күткен,
Нашарлау адаммын ғой.

Біз ертең жазғырамыз осы үшін де,
бекерге күндеріміз өтсе, кімді?
Мүмкін бе өзіңізсіз ғұмыр кешу,
өлең де сол секілді.

Өткен өмір жүдетсе жүрегімді,
жұбатудың айтыңыз басқа амалын.
Сізді жақсы көрмеуге себеп тапсам,
құттықтап xат жазармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері