Құсқа айналғым келеді, қалықтаған – Жанелья Торалы

Бұл бетте «Құсқа айналғым келеді, қалықтаған» атты Жанелья Торалы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құсқа айналғым келеді, қалықтаған.


Құсқа айналғым келеді, қалықтаған,
Қалықтаған, аспанда шарықтаған.
Мүлде бөлек өмірі, тұрмысы да,
Оның ғажап әлемі, таңсық маған.

Кеңге жайып, қанатымды шарқ ұрып,
Кетсем шіркін, ауған жаққа бас бұрып.
Көзге іліп, табиғаттың ғажабын,
Самғап ұшар, тек биікке талпынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар