Күз – Айжан Табаракқызы

Бұл бетте «Күз» атты Айжан Табаракқызы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Алакеуім.
Жатыр әне ішке тартып дала демін.
Бүгін тағы...
Келмедің... Үміт жылап.
Жалғыздық құшағымда қала бердім.

Мұң түнетіп санасына Қоңыр Күздің.
Жолымызды қоспайма, Өмір біздің???
..."Күт" деген ең...соңғы рет...Содан бәлкім.
Үмітті келді ме екен, соңында үзгім.

Хабарсызсың...Көңілде күдік басым.
Сарқылқылған жоқ сонда да үміт жасым.
Түндер өлген күн бар ғой...мен ешқашан.

Ол жайлы,
Ұмытпаспын... Ұмытпаспын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері