Тым ертерек ағарса шашың, жарым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тым ертерек ағарса шашың, жарым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Тым ертерек ағарса шашың, жарым,
Мен оған кінәлімін, айыптымын.
Кеудеңдегі қызғаныш, ашуларың,
Сыртқа шықса сырларын жайып бүгін.
Айналып мықты күзет, тас қамалға,
Пәктікті аяулыңнан тілеп едің.
Шашың егер ағарса басқа жанға,
Менің жазған айыпты бір өлеңім.
Тым ертерек ағарса шашың, жарым,
Шыңдай жүріп бойыңда шыдамды әр күн,
Қап-қара маған деген ашуларың,
Ағарып сыртқа шыққан шығар бәлкім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері