Түн түсінер ай мұңын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Түн түсінер ай мұңын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 598
Түн түсінер ай мұңын,
Кім түсінер қайғы үнін?
Көзқарас пен кешегі
Сезімімнен айныдым...
Берген сезім байлығын,
Сүйгенімнем айныдым.
Айныдым көп нәрседен,
Айтам оның қайбірін?..
Айниды екен көз көріп,
Айниды екем сөзге еріп.
Мезгілменен қарайды
Жапырақтар өзгеріп.
Түрлі талғам, түрлі ұғым,
Талас-тартыс тірлігім.
Дос дегенім кешегі
Жауым болып жүр бүгін...
Мінезі бар әр айдың,
Мінезі бар арайдың.
«Сөзі жылмаң» кісіге
Күмәнменен қараймын...
Ойларды ой жығады,
Кімдер қалай ұғады?
Ақ дегенім кешегі
Қара болып шығады...
Айнып кетті көп ғашық,
Сырын айтпай бетке ашық.
Сезімге еріп мен ылғи,
Өкінемін от басып...
Бақыт әрі қайғыдай,
Байлап қойды қай «құдай?»
Поэзия! Тек сенен
Келем әлі айнымай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері