Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Менің үйім

Бұл бетте «Менің үйім» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4964
Төрт қабырға,
қос терезе,
сырлы еден...
қос көлеңке түсіреді бір денем:
күннің нұры,
шамның нұры бар тағы -
бірі жанса,
бірі солғын тартады.
Төрт қабырға... қос терезе, сырлы еден.
Екі төсек бір бұрышта,
ал анау
керек екен шкафты да бағалау.
Тау-тау болып кітап жатыр үйілген,
бұдан өзге түк көрмедің бе үйімнен?...
Жо-жоқ! Жалған!
Өсек айтпа ей, досым,
Сен қоя тұр, менің тілім сөйлесін.
Өзің айтшы, осы үйдің әр бұрышынан
көрмедің бе қанағаттың бейнесін?!
Айтып ең ғой кейде мақтау, кейде сын
сәбиімнің көріп тұрып жейдесін.
Неғып қана көрмедің, дос, осы үйден
Намысшыл бір тіршіліктің бейнесін!...
Саусағымнан дағы өшпесе сияның
күн нұрындай қуат табар қиялым.
Қанағатты жіберем де қарынға,
күннің нұрын жүрегіме құямын.
Күннің нұры, себебі, тым жас, әлді,
ал, шам нұры жасанды ғой, жасанды.
Шамның жарығы-нан туған өнерді
жасандылық жайлар екен қашанғы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің үйім өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Менің үйім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің үйім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің үйім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері