Өлең, жыр, ақындар

Құм жырлары

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1886
1. «Уағалайкүмәссалам»

Сол ауылда Әшім деген бір шал бар,
Қол тигенде барып-кетіп тұрсаңдар:
қалбаң қағып қарсы алдыңнан шығады,
Бірақ, әттең естімейді құлағы.
Келген қонақ кәрі ме әлде жас па оған
Бәрібір, тек: «уағалайкүмәссалам».
«Ассалау-ма-ағалайкүм» демей-ақ,
«Шаруа қалай, ата?» – десең,
Мәссаған
Тұрад күліп: «уағалайкүмәссалам!»
«Уағалайкүмәссалам» деп тұрғаны
Кейде өзінің келіні боп шығады.
Пейілді адам, пейілді адам ол аса,
Әсіресе, қуанғаны тамаша!
Күнге қырық қуанғаны не керек,
Биыл өзі жүдеп қапты керемет.
Егер ажал келсе қартқа «көрініп»,
«Уағалайкүмәссалам!» деп өлер ед.

2. Құм


Ызылдайды қу қияқты қабығы,
ысылдайды құмның жаяу ағыны,
құлағымда тұрды желдің тағы үні,
желпілдейді біздің үйдің жабығы.
Айналаны жүрді кезіп ызың-үн,
Айдаланың жел жырлай ма қызығын?
Көміліпті қосаяқтың ізі мың,
тот басыпты кәрі әжемнің жүзігін.
Тағдыр сын-ды бұл өлкеде сараң күн,
ел де сирек қонағындай сараңның.
Ақселеулер, ақселеулер
Маған бұл
ақсақалы секілденді бабамның.
Жыласа аспан... көз жасының аты – ышық
Қырлар тозған қасарысып, жатысып.
Шырмауықтар құмның бетін жатты ысып
кәрі әжемнің шаштарындай шатысып.

3. Шағыл


Жалқау құмдар жатып апты іркілдеп,
жалқаулықпен әлденені ұтардай.
тамшы суды талмап әрең жұтардай
Кер төбенің көмекейі бүлкілдеп.
Дүниенің көк картасын жолақ қып
Жатты талай жалқаулық пен олақтық.
Талай ізді осы құмда жоғалттық,
талай жылды осы құмға тонаттық.
О, жалқау құм!... Жыр жазар ем не түрлі:
Махамбет пен Абай аға секілді.
Болмай жатыр. Көрсетуге ұялам
Өлең жазып алып жүрген «екімді»...
Өз мінімді өзіме айтып мен тұрмын,
қурайлардың ызыңы құлағымды толтырды.
Жел «үп» етсе кемсең-кемсең етеді
Қып-қызыл құм – иегіндей бір жылауық кемпірдің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспанда күн барда, әлемде сыр барда...

  • 0
  • 0

Аспанда күн барда, әлемде сыр барда
адамдар маңдайын жуған тер құрғар ма!
Беремін барымды, аламын жоғымды
екі қол, бір кеуде өзімде тұрғанда.

Толық

Жебе

  • 0
  • 0

Не бір еппен, алған жақсы, не бетпен —
сөйлейінші тамағымды кенеп мен:
эпос ері тірілді де кенеттен,
сұр жебелі қарт садағын қолға алды.

Толық

Байронға

  • 0
  • 1

Уа, керемет!
Буырқана туды өлең
Сол ғасырда өсек-ғайбат гулеген.
«Азаматтар» азап атты, тас атты,

Толық

Қарап көріңіз