Өлең, жыр, ақындар

Өзім

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3052
Болмаса да көк өзенім гүрлеген,
көп өзенмен бірге ағамын, бірге мен.
Ой түбінен ойнап туған жырменен
тыныш таппай – тірі болып жүр денем.
Ойнай алман, ойнай алман сөзбен мен,
жаси алман жақтырмаған көздерден.
Тағдырымды өлшей алмас безбенмен
өз басының безбені жоқ кез келген.
Жан емеспін қолда барға бұлданған,
жеңер мені күндіз күлкі, түнде – арман.
Еске алуға жарамайды өткенім,
өткен күннен келер күнім көп менің.
Сол секілді ойларым да теп-тегін,
келмейді оны үнемдегім, ептегім.
Сондықтан да жиі жанам, сөнем мен,
жығыламын кейбір асау теңеуден.
Осынау бір олпы-солпы өлеңмен
өзімді-өзім түсіндіріп келем мен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қағаз тірлік

  • 0
  • 0

Жер хақында сыр күттік Айдан әлі;
Тыныштық деп газеттер майдалады.
Қағаз-бомба бұрқ етіп жүр жарылып,
жүріп жатқан сықылды майдан әлі.

Толық

Салыстыру

  • 0
  • 0

Ұран деді шындықты,
Шындық қуған тірлікті,
Қыран деді шитімдей шегірткені бір мықты.
Шегірткелер әулеті, әй, дүрлікті-ау, дүрлікті!

Толық

Сүйремеші биіңе, жырды ғайып

  • 0
  • 0

Сүйремеші биіңе, жырды ғайып
танымасаң, тақпашы құрбыңа айып.
Қоңыр ағаш түбінде қоңырайып
алайыншы деп едім бір мұңайып.

Толық

Қарап көріңіз