Ұстаздар күніне арнау – Gulzinat1107

Бұл бетте «Ұстаздар күніне арнау» атты Gulzinat1107 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Армысыздар, ардақты ұстаздарым,
Мақтан етем сіздердей ұстаз барын.

Құтты болсын мереке барлығыңа,
Бақыт қана жар болсын жан-нұрыңа.

Сіздер үшін ақтара жан сырымды,
Құттықтаумен қоса айтам алғысымды.

Ұстазсыздар екі рет жаралмайтын,
Жеті айналсаң жер бетін таба алмайтын.

Сіздер айтқан ақылды ұққандығым –
Кедергіні кездескен жыққандығым.

Сіздер бұрған бағытқа бастағаным –
Бойымнан жат қылықты тастағаным.

Сіздер берген мол білім қаншалықты
Терең болса, алғысым да соншалықты.

Ұстаздарым, бүгінгі төл мерекең,
Алып келсін шаттық пен мол береке.

Ұмытпайды сіздерді шәкірт дарын,
Ұмытпаңдар біздердей шәкірт барын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар