Мен ұстазбын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Мен ұстазбын-мәңгі бағым сақталған,
Мен ұстазбын- ана үміті ақталған.
Мен ұстазбын- адал еңбек бекіткен,
Мамандығым ел алдында мақталған.

Ұстаз болу мақтанарлық жетістік,
Ал оқушы мен егетін егістік.
Әр күнімде түрлі-қызық дән жатыр:
Есеп,сурет,зат есім мен етістік.

Мектеп маған күш беретін қабырға,
Кітап байлық шақыратын сабырға.
Тақта,қалам ,қағаз біткен серігім,
Егін үшін, білім берем тамырға.

Әр минутым қымбат тұрар алтыннан,
Уақыт кейде тартып кетер алқымнан.
Ұстаз үшін қиын емес ештеңе,
Ең бастысы ниеті алға талпынған.

"Үздік ұстаз"-болу басты арманым,
Білім беріп,салу тәртіп салмағын,
Әр оқушым-менің жеке әлемім,
Білім болса , тауып алар қалғанын.
Ұжым тату,әрбір ұстаз бақытты,
Әр сөздері сыйлап тұрар жақұтты.
Ұстаз деген ,ұстаз деген мың кітап,
Пайдалы қып өткізетін уақытты.

Ұстаздығым-мәңгі тәжім басымдағы,
Ұстаздығым-асыл шәкірт қасымдағы.
Ұстаз деген ұлы титул мен таққан,
Үлкен белгі көкке өрлеген тасымдағы.


Пікірлер (2)

Жанерке

мен осы оленды манерлеп оқуда айтамын☺

Ақниет

Мен мұғаліміме айтып беріп едім мұғалімім қуанып қалды рақмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен ұстазбын өлеңінің авторы кім?

Araikaalimzhanova — осы өлеңнің авторы.

Мен ұстазбын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен ұстазбын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Araikaalimzhanova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен ұстазбын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.