Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 623
Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын.
Таратады кім келіп бұлтын іштің?
Жанға батып барады болмағаны
Бойымда бір шабытты бұлқыныстың.
Қайда достар жанымды жайлау еткен?
Аңғармаймын уақытты жайлап өткен.
Бір өзіме ұқсаған, мінезіме,
Бет қарыған қайда қыс, қайда көктем?
Қыр самалы, тербеген гүлің қайда?
Әр түске еніп жолыңда құбылмай ма?
Маңғазданған мамырдың бұлтын жыртқан
Нөсерлерге дүние жуынбай ма?
Тым-тырыспын, көңілге осы уайым.
Өз-өзімнен дедім бе шошынайын.
Жыр нөсері төбемнен құйшы, кәне,
Ырғағыңа ырғақ боп қосылайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері