Күніндей жаудыраған астананың – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Күніндей жаудыраған астананың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1092
Күніндей жаудыраған астананың,
Тәтті бір қылығыңдай жас баланың,
Еркелеп оралды өлең елемей-ақ
Өзгенің маған деген қас-қабағын.
Тәуекел тас қияға қасқарамын,
Басқа жыр, жоқ өзіңнің басқа алаңым.
Өзің үшін поэзия керек болса,
Мұз төсеп, қардан жастық жастанамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері