Өлең, жыр, ақындар

Күз қайғыратын ай емес

Кереметқой күзі даламның,
Көркіне талай баландым.
Өзге мезгіл үнсіз ғана санамда,
Мәңгі күзгі махаббатта қаламын.

Күз қайғыратын ай емес!
Махаббат айы.
Махаббатың да,
Ғашықтық жайлы.

Ғашық адам көрінеді,
Болмысынан.
Болмысынан көз салып,
Тұрысынан.

Күз қайғыратын ай емес,
Екі жұптың айы.
Жұптың айы деген,
Көрісу,сырласу,жұптасу жайлы.

Екі жұп көрінеді,
Сезіммімен.
Сезіммімен ғашық көз-қарас,
Көзіменен.

Күз қайғыратын ай емес!
Ой шығу айы,
Пайымды,парасатты ой деген,
Екі жүрекпен, бір бүтін ой жайлы.

Ой шығу көрінеді,
Өлеңімен.
Өлеңімен ғашықтық жайлы,
Көңілімен.

Күз қайғыратын ай емес!
Реніш, ызаны ары шеттету айы.
Шететіп қойып бірігу.
Бірігу деген,
БІр темір мақсат,
Күміс арман,
Алтын махаббат жайлы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз