Атыңа арнап сенің жыр жазамын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Атыңа арнап сенің жыр жазамын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 901
Атыңа арнап сенің жыр жазамын,
Ұмытып тіршіліктің мүлде заңын.
Сарғайып самал желге мұңын шаққан,
Ұқсайды құрғақтағы гүлге жаным...
Ағысы уақыттың неткен өктем,
Көңілді желпімейді жеткен көктем.
Қолыңнан түскен гүлге жол үстінде,
Көз салып елемейді өткен-кеткен.
Тынамын бір сен деумен жанып іштен,
Тынамын арманыммен, жалынышпен.
Сен, бәлкім, бұл өмірде сезбейсің де,
Бір жанның жүдегенін сағынышпен.
Қойдың ғой сағымды оймен сабылдырып,
(Әйелге ұнау, о да бір – дарындылық).
Атыңа арнап сенің жыр жазамын,
Сезімді бір өзіңе табындырып.
Атыңа арнап сенің жыр жазамын,
Бұл көңілім құшып ызғар, бірде жалын.
Тірлікте көріп мені, көрмесең де –
Өзіңмен сездім соны бірге, жаным!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері