Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Өзіңді өмір бойы жыр еткім кеп,
Шертер ем ынтызарын жүректің көп.
Кеудеңнен аспан болсаң жауған нұрмен
Жатар ем қара жердей түлеп, гүлдеп.
Жұмбақтау ер жігіттің сыры маған,
Солардың көбі емес, бірі ұнаған.
Ол егер асқар таудай алып болса
Бұлақ боп өңірінен күліп ағам.
Арманым жетер ме екен, ара қонсам,
Осындай қасиетпен дараласаң.
Тал түсте боз торғайдай маза бермей,
Кеудеңде ән салар ем дала болсаң.
Өрт болсаң жалыныңа күйер едім,
Мерт болсам, жаным, өзің – сүйенерім.
Жартастай жатсаң ұйықтап, толқын болып –
Аймалап төсіңнен бір сүйер едім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері