Балабақша – Қалмаханбет Мұқаметқали

Бұл бетте «Балабақша» атты Қалмаханбет Мұқаметқали жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2820
Жинаулы, тап-таза едені,
Бөлменің есігін ашсаңыз.
Өнеге үйретіп келеді,
Сүйікті балабақшамыз.

Жайраңдап жымиып тұрады
Апайлар әрқашан алдыңда.
Бақшамыз – білімнің бұлағы,
Қызықты ойындар бар мұнда.

Үйретіп өнерге көшелі,
Тәрбие береді жақсы адам.
Ертеңгі оқушы өседі
Бүгінгі балабақшадан.

Өзіңе гүл шоғын сыйлаймыз
Өзіміз өсірген гүл-бақтан.
Біз сені әлі де қимаймыз,
Қия алмай қараймыз үй жақтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері