Оны жеңдім деп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Оны жеңдім деп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Оны жеңдім деп
Масайрап келдің.
Өзіңе риза боп,
Көкірек кердің.
Кімнің қақысы
Кімде кетпеген...
Опасыз дүние
Кімнен етпеген.
Дүние қысасы
Дүниеде қайтады
Ісін, әлемге
Кім екеніңді айтады.
Қуанасың бос
Мәз болып бекер
Бұл пәни дүние
Сенен де өтер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері