Бұл бетте «Еркелеп тұрмын» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
25.11.2015
0
0
2675
Көрінбедің деп жазғырма,
Мезгілі кеткен наздың да.
Батқан да Күнге сыр айттым,
Айта алмаған соң азғынға.
Өзімді-өзім тұтаттым,
Өзімді-өзім жұтаттым.
Қыс сезіп қалдым тамызда
Сары шашын көріп бұтақтың.
Мәскеуде ерек шетен гүл.
Несіне бәрін етем мұң?
Еркелеп тұрмын аспанға,
Еңсеңді, Күнім, көтергін!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі