Мұғалімге мың алғыс! – Қалмаханбет Мұқаметқали

Бұл бетте «Мұғалімге мың алғыс!» атты Қалмаханбет Мұқаметқали жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 4
  • 17567
Оянғанда шабытым,
Ой келеді түйдектеп...
Әліпбиді танытып,
Әріптерді үйреткен.

Терең әрі тұнық та,
Теңіздейін қуаты.
Кірген кезде сыныпқа,
Күлімдеп тек тұратын.

Кемелдіктің жүйесін –
Көрсететін жолды ізгі.
Ұлағаттың иесі,
Ұстазымыз – ол біздің!

Жарқын да, ақ пейілді,
Жиі айтатын сөзіңіз.
Анамыздан кейінгі,
Ақылшымыз – Өзіңіз!

Алға аттап бір адым,
Асқарға да шығармыз.
Білім берген мұғалім,
Бәріңізге мың алғыс!!!


Пікірлер (4)

Акерке ♥

Кушти

Аружан

Рахмет сізге мұғалімі қуанышты болатын болды.

Нұрсая

Өте керемет! Барлығы нақты әрі ырғанына сай.

Жансая❤️

Ағайға барма

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері