Наурыз келді – Қалмаханбет Мұқаметқали

Бұл бетте «Наурыз келді» атты Қалмаханбет Мұқаметқали жазған мерекеге арналған өлең берілген.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 3
  • 2673
Қылаусыз кешегі қар жүзін,
Айғыздап соңымда қалды ізім.
Тым ыстық көктемім жаныма,
Тыныштық әкелсін Наурызым.

Наурызым әкелсін тыныштық,
Дарысын далама ырыс-құт.
Көңілді жайнатсын гүлдердей,
Сенімді жаратсын құрыш қып.

Жаратсын құрыш қып сенімді,
Жақсылық жайласын көңілді.
Жұлдыздар жарқырап көгімде,
Ұл-қыздар қуантсын елімді.

Тілегі осындай Наурыздың,
Жігерлі жігітке бер тізгін.
Сүйінер ізгілік лебіне,
Сүйкімді сыйымыз бар біздің.

Қылаусыз кешегі қар жүзін,
Айғыздап артымда қалды ізім.
Жайнай бер, гүлденіп көктемім,
Жасай бер түрленіп, Наурызым!


Пікірлер (3)

Гүлнәр

Қалмаханбет Мұқаметқалидың "Наурыз келді..." өлеңін оқып, ерекше бір лирикалық көңіл-күйге бөлендім. Бұл шығармада Наурыздың сыртқы сәні ғана емес, ішкі жан дүниеге әкелетін тыныштығы мен үміті терең сезіледі. "Тым ыстық көктемім жаныма, Тыныштық әкелсін Наурызым" деген жолдар мерекенің адам көңіліне әсерін дәл жеткізген. Әсіресе, ақынның "сенімді жаратсын құрыш қып", "жігерлі жігітке бер тізгін" деген тіркестері арқылы жаңа жылдан күтетін үміті мен тілегі айрықша көрінеді.

Аружан

Өлең өте әсерлі әрі жүрекке жылы тиеді,✨ Наурыздың тыныштық пен құт әкелетін ұлы күнін, қардың еруін, гүлдердің жайнауын, сенімнің құрыш болуын керемет жеткізген. Наурыз құтты болсын, тыныштық пен сенім мол болсын! ❤️ Жайна бер, гүлденіп көктем!

🎾🎾🎾🎾🎾

🎾🎾🎾🎾🎾

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері